Жаһандық бастамаларымен әлемге белгілі Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі сенімді серіктес әрі стратегиялық әріптес ретінде танылып үлгерді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бірінші кезекте, еліміз жүргізіп отырған сыртқы саясатына байланысты. Қазақстан алыс-жақын шетелдермен қарым-қатынасты нығайтып, бітімгершілікті ұран етіп келеді. Отанымыз бүгінде бүкіл әлем үшін Орта Азия аймағындағы тұрақтылық кепілі саналады, дейді сарапшылар. Сонымен қатар, еліміз ашық экономикалық саясат жүргізіп, инвесторлар үшін өте қолайлы жағдай жасап отыр. Мұны шетелдік кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері  жоғары бағалайды.

СЛАВОМИР ЗАКШЕВСКИ, ПОЛЬШАНЫҢ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл сайын нығая түсуде. Бұған дәлел - бүгінде польшалықтар Қазақстанға  визасыз-ақ бара береді. Ал , биылғы мамыр айында Варшава мен Астананың арасында жаңадан әуе рейсі ашылды. Бұл да өте маңызды рөлге ие. Польшалық бизнесмендер әсіресе ауыл шаруашылығы саласында сіздердің кәсіпкерлеріңізбен бірлесе жұмыс істеуге ниетті. 

Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Қазақстан мен Латвияның арасында тығыз достық қарым-қатынас пен ашық және сындарлы байланыс қалыптасты. Сонымен қатар, Рига мен Астана арасындағы Еуразиялық транзиттік тасымалды дамытуда ынтымақтастық арта бермек.  

УЛДИС АУГУЛИС, ЛАТВИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС МИНИСТРІ:

 - Биылғы жылы Қазақстанмен ынтымақтастық жоғары деңгейде болғанын айтқым келеді. Және ЭКСПО-2017 көрмесін айтпау мүмкін емес. Көрме барысында Латвия көлік саласының апталығы өткізілді. Сонымен қатар, қзара темір жол қатынасы бойынша да көп істер атқарылды. Ынтымақтастығымыз жылдан-жылға жақсара береді деп ойлаймын.

Украина Ұлттық кітапханасының басшысы бүгінде Қазақстаннан көптеген елдер үлгі алатынын атап өтті. Сарапшы Тәуелсіздік жылдарында республикамызда жаңа технологиялар жедел дамып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын кадрлар дайындалғанын айтады. Еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Біріккен Ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі әлемдік аренадағы орнын айқындай түсті, дейді ол.

ВЛАДИМИР ПОПИК, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Біз Қазақстанның Президенті, әлемге парасатымен әйгілі, мықты көшбасшы, Нұрсұлтан Назарбаевты құрметтейміз. Украинада жүріп-ақ Қазақстанда өтіп жатқан түрлі іс-шаралардан хабардармыз, әрі қол жеткізген барлық жетістігіне қолдау көрсетіп келеміз. Сіздің елде білікті мамандар көп, жаңа технологиялар, экономикалық реформалар, менеджмент саласы күн санап қарыштап дамып келеді. Біз үшін үлгі аларлық жетістіктеріңіз жетерлік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер