Халықаралық келісімдерге түзетулер енгізілді

Халықаралық келісімдерге түзетулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қосарланған салық салуды болдырмау туралы Ирландиямен конвенцияны ратификациялауды мақұлдады. Тұтастай алғанда, құжат қолайлы инвестициялық климат құру бағытындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар, мәжіліс депутаттары Үндістанмен де осындай  құжат бойынша оң шешім қабылдады. Түзетулер ақпарат алмасу, жеңілдіктер және салықтарды жинауға көмектесу бойынша жаңалықтарды қарастырады. Мәжіліс депутаттары құжат мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ, Парламенттің төменгі палатасы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автокөлік тасымалы туралы Келісімді ратификациялауды мақұлдады. Құжат екі ел арасындағы автотасымалды дамытып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтады.