Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Қазақстан шетелдерден Тәуелсіздік күнімен құттықтау қабылдауда. Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық ЭКСПО көрмесі аясында кеңей түсті, ал сауда-экономикалық тұрғыдан жаңа сатыға көтерілді.

ВИТАЛИЙ ОРЛОВ, ЛАТВИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мен әріптестерім мен Қазақстанның барлық тұрғынын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақстан 26 жылда көп жетістікке жетті, қуаныш еселене берсін. Сонымен қатар,  ЭКСПО халықаралық көрмесі үшін алғыс білдіргім келеді. Себебі, бәрі жоғары деңгейде, асқан қонақжайлылықпен ұйымдастырылды. Әлемдік шара тек Қазақстан үшін емес, еларалық, үкіметаралық серіктестікке жаңа серпін беріп, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті. Жақында Латвия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толады. Бұл екі ел арасындағы байланысты одан әрі кеңейтіп, сауда-саттықта да сенімді серіктес болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесінде жасалған келісімдер екіжақты қатынастарды дамытатынына толық сенімдімін. 

Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Қазақстан табысты әрі тұрақты мемлекетке айналды. Литвалық саясаткерлер, бизнес қауымдастық өкілдері Қазақстанның әлемдік аренада беделінің өсіп, экономикалық әлеуетінің артқанына  оң баға берді.

МАРЮС ЯНУКОНИС, ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Қазақстан халқын Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен шын ниетіммен құттықтаймын. Қазақстан бүгінде Еуропа пен Азияның ортасында, өз мәртебесін көрсеткен, барлық саладан жан-жақты дамыған мықты мемлекетке айналды. Оның экономикасы күн өткен сайын қарқынды өсіп келеді, ал Қазақстанды шет елдерде жоғары  бағалайды. Еуразия аймағындағы алып елге тілерім тек жақсылық, ұлтаралық ынтымақтастық болып, халықтар достығы жасай берсін.