Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кең ауқымды серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді басым дауыспен мақұлдады. Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған және 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша қолданылып келе жатқан келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген. Қазақстан Еуроодақпен осындай келісім бекітуге қол жеткізген Орталық Азиядағы  жалғыз әрі бірегей мемлекет. Құжат Қазақстанда, сондай-ақ Еуроодақтың 18  мемлекетінде ратификацияланған.

ИВЕТА ГРИГУЛЕ, ЕУРОПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ЕП ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Дауыс беру өте жақсы өтті. Еуропарламенттің барлық саяси топтарындағы депутаттардың басым көпшілігі келісімді қолдап дауыс берді.  Еуропарламент те, Еуропалық  Одақ та Қазақстан мемлекетінің өз аймағында ғана емес  Еуропадағы және бүкіл әлемдегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін түсінеді.  Қазақстан қай кезде болмасын Еуроодақтың салмақты,  дербес және сенімді серіктесі болып келеді. Біз болашақта да осы қарым-қатынасымыз сақталарына және бұдан әрі де тереңдей түсіп, қазіргіден де жоғары деңгейге көтерілетініне толық сенім арта аламыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер