Қостанайдың өз индустриялық аймағы ашылды. Өндіріс алаңында инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін бірінші кезекте әкімшілік-тұрмыстық  кешен салынған. Оның ішінде кәсіпкерлерге банк, нотариат сияқты бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мамандардың болжамынша 3-4 жылда индустриялық аймақ тірлігі қайнаған өндіріс алаңына айналады.

АБАЙ НҰРЛЫБАЕВ, ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бүгінгі күні үш өндірістік орын жоспарлануда салуға. Оның біреуі болт, шайба шығаратын зауыт, одан екіншісі үлкен көліктерге құрал-жабдықтар шығаратын, содан кейін упаковка қағаз жәшіктерін шығаратын өндірістік кәсіпорын орналасады. Барлық көлемде алған кезде бұл жерде 50-астам кәсіпорын орналасуы мүмкін. 

АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

 - Біз салықтар бойынша жеңілдіктер қарастырамыз. Бұл инвесторлар үшін үлкен көмек болары сөзсіз.

Қостанайда лифт құрастыратын  зауыт та салынып жатыр.   Өндіріс орнының алғашқы өнімі   келесі жылы мамыр айында  нарыққа шығады деп жоспарланып отыр.  Жеделсатыға  Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде сұраныс зор.

МИХАИЛ МОЛОЧНИКОВ, ИНВЕСТОР:

 - Жылына мың жарым лифт шығаруды жоспарлап отырмыз. Болашақта ТМД аумағында ғана емес, алыс шетелдерге шығу ойымызда бар. Индустриялды аймақта бізге беріліп отырған отырған жеңілдіктер бәсекелестік қабілетімізді арттыра түседі.

Индустриялық аймақтың бірінші кезеңінде 120 гектар жер бөлінді. Ірі инвесторлардың бірі – Қытай. Аспан асты елінің іскерлері автокөліктердің қосалқы бөлшектерінің өндірісіне бір млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы құяды.

ВЛАДИМИР ЯРОСЛАВЦЕВ, «ТОБЫЛ» ӘКК ӨКІЛІ:

 - Алдағы уақытта индустриялық аймақтың аумағында химия, тоқыма өнеркәсібіғ машина құрастыру, ағаш өңдеу кәсіпорындары, құрылыс материалдарын өндіруші зауыттар орналасатын болады.

Индустриялық аймақтың бірінші кезеңі құрылысына ел қазынасынан 2 жарым миллиард тенге жұмсалған.  Алдағы 2018  жылға да шамамен осынша қаржы қаралып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер