Қазақстанда Халықаралық радионуклидтік станса салынады

Қазақстан ядролық қарусыз әлем құруда өзінің практикалық үлесін жалғастырып жатыр. Енді елімізде ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі келісімді  қадағалау бойынша халықаралық радионуклидті станция салынады. Бұл туралы Венада өткен отырыста еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен   ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісім шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо мәлімдеді. Станцияны ашу жөніндегі меморандумға еліміздің энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер министрлігі қол қойды. Қазақстан ынтымақтастық аясын кеңейтіп, елімізде ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісім шарт ұйымының жастар топтарының конференциясын өткізуді ұсынды. Бұл шара келер жылдың 29-ыншы тамызында, яғни Семей полигонының жабылу күнімен тұспа-тұс өтеді деп жоспарланды. Осы орайда, Лассина Зербо Қазақстанның ұйымға қосқан үлесін жоғары бағалады.  

ЛАССИНА ЗЕРБО, ЯСЖТКҰ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

 - Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты әрдайым қолдайды.  Осындай сынақтарға бақылау және бағалау жүргізетін Халықаралық радионуклид станциясын салу туралы келісімге келу арқылы Қазақ елі әлемдік мониторинг жүйесіне сүбелі үлес қосқалы отыр. Бұл Қазақстан және Канадамен қатар біздің ұйым үшін де өте маңызды жоба. Біз сіздің елге үлкен алғыс айтқымыз келеді. Қазақстан  ядролық сынақтардың толық тоқтатылуына, ұйымның қызметінің артуына үлес қосып жатыр. Сонымен қатар, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың ядросыз қарудан азат әлем құру жөніндегі мақсатына бірге жетеміз деп үміттенемін.