Қазақстан-Өзбекстан: Геология саласындағы ынтымақтастық

Қазақстандық геологтар Өзбекстандағы жер асты қазба байлықтарына барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізуге дайын. Бұл туралы Ташкентте өткен «УЗГЕОИНВЕСТ-2017» халықаралық конференциясында айтылды. Өзбекстанның Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитеті шараны оныншы рет ұйымдастырып отыр. Жиылысқа әлемдегі ең үздік геологиялық барлау компанияларының өкілдері қатысты. Шетелдік инвесторларға 29 кен орны мен пайдалы қазбалары бар 111 жоба ұсынылды. Шетелдіктер тарапынан Өзбекстанның жер асты қазба байлығын игеріп, экономикалық әлеуетін арттыруға байланысты түрлі ұсыныстар түсті. Осылайша, халықаралық форум серіктестік орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашты.       

ҚАЙСАР ҚОЖАМҰРАТОВ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Өзбекстан нарығына қадам басуға дайынбыз. Атап айтқанда заманауи технологияны ендіру, бұрғылау жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндігіміз бар. Мұнда геологиялық барлау жұмыстары қаншалықты деңгейде жүргізілді, жер асты қазба байлығының қоры қанша жылға жетеді, ол туралы барлау жұмыстары қашан жүргізілген, жалпы геологияға көңіл қаншалықты бөлінген, соны нақтылауымыз қажет. Алдағы 5 жылға жасаған жоспарлары қандай, соны да білуіміз керек. Сондықтан жұмыс өте көп болады деп күтілуде.