Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті

Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті

Орталық Азияда белең алған интеграциялық үрдістер құрлықтың инвестициялық әлеуетін арттыра түсті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ондағы елдердің түрлі салада тың жобаларды бірлесе жүзеге асыруы аймақтағы жалпы және әр мемлекетті жекелей алғанның өзінде экономикалық хал-ахуалының жақсаруына сеп болуда. Сондықтан сырттан қаржы құюға ниетті инвесторлар осы төңірекке көз тігіп, қызығушылықтары артып келеді. Бұл халықаралық сарапшылардың пікірі. Мамандардың айтуынша, бір мүдеге ұя білген Орталық Азия аумағында инфрақұрылымдық бастамалардың шарапаты мол болмақ. Осы орайда Қазақстанға үлкен сенім артылуда.

САТО КАДЗУНОРИ, TOKYO ROPE ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде Қазақстан әлемдік деңгейде мойындалған бірқатар жетістікке қол жеткізді. Негізінен энергетика, мұнай-газ, тау-кен индустриясының даму көрсеткіштері өсіп келеді. Күш бірлікте. Егер Қазақстан аймақтағы интеграциялық үрдістердің көшін бастаса, өзгелері бір экономикалық белдеу құрудан бас тартпайды. Бұл жалпы жағдайды жақсартудың кепілі.  Сонда әлемдік инвестиция осы өңірге көптеп тартылады. Мәселен, біздің компания инфрақұрылымдық нысандардың инженерлік қауіпсіздігіне қаржы құюға мүдделі. Қазір бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Сато Кадзунори «Жаңа Жібек жолы» жобасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы іске қосылысымен аймақтағы елдерге сырттан инвестиция тартудың аясы кеңейе түсетінін тілге тиек етті.