Астана қаржы орталығының халықаралық стандарттарға сай дамуы Орталық Азияға бағытталатын капиталды ұлғайтпақ. Елордада өткен инвестициялар жөніндегі форумда қаржы мекемесінің жанындағы комитет төрағасы Стивен Глинн осындай ойымен бөлісті. Сарапшының айтуынша, орталықта ағылшын заңының пайдалануы маңызды. Өйткені тараптар арасындағы даулар ағылшын құқығына негізделген соттарда қаралады. Бұл халықаралық институттардың «Астана» қаржы орталығына деген сенімін арттырып отыр. Айту керек, қазіргі таңда әлемнің 44 елінде ағылшын құқығы қолданылады. Демек, шешімдерді қабылдау мен ақпарат ашықтығы қамтамасыз етіледі. Стивен Глинн Қазақтан үкіметі бұл бағытта дұрыс қадам жасады деген пікірде. Өйткені орталықтың нақты моделі таңдалды. Ол Дубай халықаралық қаржы орталығының тәжірибесіне сүйенбек.

СТИВЕН ГЛИНН,  АХҚО ЖАНЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Дубай халықаралық қаржы орталығы сыналған өте тиімді модель. Астанада мұндай орталық одан да тиімді жұмыс істей алады деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанның да, жалпы Орта Азия аймағының әлеуеті мен тұрғындар саны артып келеді. Қазақстанда - 18 млн, көршілес Ресейде - 140 млн, Қытайда - 1,2 млрд, Өзбекстанда болса, 32 млн тұрғын бар. Тұрғындардың саны «Астана» қаржы орталығының дамуына сеп болады деп ойлаймын.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер