Ел өңірлері «Киелі Қазақстан» картасын құруға белсене атсалысуда. Мысалы, Алматы облысында өңірдің қасиетті орындарының арғы-бергі тарихы зерделеніп, 15 туристік бағыт жасалды. Солардың бірі – әділдіктің туын көкке көтерген би-тұлғалардың құрметіне «Бес ата» туристік бағыты. Оған Ескелді би, Айту би, Балпық би, Жолбарыс батыр мен Қарым байдың кесенелері енді. Саяхаттаушылар жоңғар шапқыншылығы кезінде елді жаудан қорғап, халқына қалқан болған аталар әруағына тағзым ете алады. Жалпы, Жетісу аумағындағы киелі орындарды есепке алғанда 57 нысан тіркелген. Солардың ішінде  тарих тұнған Тамғалы тас пен Есік қорғандары, әйгілі Хан Тәңірі шыңы мен Шарын шатқалы бар.   

ЕЛДОС БАЯЛЫШБАЕВ, ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕСІ:

 - Өте көп ұнады. Осы бағдарламаға рахмет. Шынымен де өз жерімізді аралап, біліп, үйімізден шығып, жақсы көңілді уақыт өткіздік деп ойлаймын. Келіп тұрған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені рухани жағынан өзімізді дамыту керекпіз.

Солтүстік Қазақстан өңірі де туристер үшін тарихи-мәдени орындарымен тартымды. Жыл басынан бері мұнда бір ғана көрші Ресейден 1 млн-нан астам азамат саяхаттап келген. Туристер көп келетін жер – Айыртау ауданы. Бұл өңірдің тамылжыған табиғаты ерекше, тарихи кешендері де жетерлік. Атап айтар болсақ, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Ботай қонысы, Шоқан Уәлихановтың музейі мен әжесі Айғанымның үй-жайы. Бұлардың біразы «Қазақстанның киелі орындары» картасына енген.

ӘЛИЯ ҮСЕНОВА, СҚО ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

 - Бұл жерлер тарихи жағынан өте маңызды болып келеді. Және де киелі жерлер болып есептеледі. Айыртау ауданының табиғаты өте тамаша болғандықтан кейін Ресейден де, басқа елдерден де, өзіміздің облысымыздан да жаңағы адамдар сол жаққа демалуға барады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер