Еуропа мен Азия орталығында орналасқан Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор. Бұл әлемдік деңгейде бәсекелестік артықшылық беретін құнды стратегиялық ресурс, дейді сарапшылар. Отандық теміржолшылар Бейжіңде осы саланы дамыту жоспарларымен бөлісті. Жиын «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Бір белдеу, бір жол» даму стратегиясы тоғыстыруға арналды. Отырыста Қытайдан Қазақстан аумағымен Еуропа, Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағына жүк тасымалданатыны айтылды. Оның басым бөлігі шойын жолмен жеткізіледі. Аспан асты елімен шекаралас жатқан Алтынкөл және Достық теміржол станцияларының жүк өткізу мүмкіндігі 40 тоннаға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалдауға да барынша назар аударылып отыр.  2020-шы жылға дейін Транскаспий транзитінің әлеуеті 300 мың контейнерге дейін ұлғаяды.  Қазақстан темір жолы Қытай мен Еуропа аралығында 15 транзиттік бағытта қызмет көрсетеді.

АМАНЖОЛ ИБРАГИМОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - «Құрық» паром айлағы арқылы көптеген жұмыстар істелініп жатыр. Қазіргі таңның өзінде 1 миллионнан астам жүк тасымалданды. Осы жылдың аяғында паромдық айлақтың автомобильдер  өткізу қолдануға беріледі.

ЛЮ БИН, ЛЯНЬЮНЬГАН ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Биыл жыл соңына дейін Ляньюньган қазақ-қытай логистикалық базасы арқылы өтетін контейнер саны 250 мыңға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Былтыр бұл көрсеткіш 176 мың контейнерді құраған болатын. Осы жылы тасымал көлемі 1 миллион 500 мың тоннаға артты. Ал 2018 жылы 200 мың тонна Қазақстан астығын Оңтүстік шығыс азия елдеріне тасымалдау  жоспарымызда бар. Кері бағытта экзотикалық жеміс жеткізіп жол шығынын анағұрлым төмендете аламыз.

Қазақстанның көлік-транзиттік мүмкіндіктері Оңтүстік Кореяда да талқыланды. Сеулде өткен семинарда Ұлы Жібек жолын жаңғырту және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтылды. Оңтүстік Кореяның Қазақстан мен Еуразия елдеріне қызығушылығы жоғары. Айта кетейік, ресми Сеул Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен еркін сауда аймағын құруды жоспарлаған еді. Сондай-ақ, осыдан төрт жыл бұрын Корея басшылығы Еуразиялық бастамасын жариялады. Аталмыш жоба Оңтүстік Кореяны Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері арқылы Еуропамен байланыстыратын «Темір Жібек жолын» құруды қарастырады.

СИН ЁНГ ХАН, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР КОМИТЕТІНІҢ ЭКС-ТӨРАҒАСЫ:

 - Корея «Жібек жолы» арқылы Еуропаға шығуды жоспарлап отыр. Ал Қазақстан Қытай, Ресей және Еуропа арасында орналасқан алтын көпір іспетті. Менің ойымша, қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасын және Корея ұсынған Еуразиялық жобаны қалай да жүзеге асыру қажет.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер