«Астана» халықаралық қаржы орталығы келесі жылдың қаңтар айынан өз жұмысын бастайды. Ал мекеменің ресми ашылуы 2018 жылдың шілде айында өтеді. ЕХРО қалашығының аумағындағы екі павильон қаржы орталығы мен америкалық NASDAQ және Шанхай қор биржасының пайдаланылуына берілмек. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол бірер айда мамандар алғашқы транзакцияларды жүргізуге де дайын болатындығын атап өтті. Бүгінге дейін орталықтың жұмыс істеуіне қажетті заң қабылданды. Оның аясында инвеститция тарту, бағалы қағаздар нарығын жетілдіру, банк пен ислам қаржыландыруын дамыту көзделіп отыр. Алдағы 10-15 жылда жалпы көлемі 40 млрд долларға жуық инвестиция тарту жоспарланған.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХҚО БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Бір жағынан алсақ, 60 млн халық тұратын Орталық Азия нарығы, Қазақстан бұл аймақта көшбасшы саналады, өйткені еліміздің жалпы ішкі өнімі бүкіл Орта Азияның жалпы ішкі өнімінің 50 пайызын құрайды. Бұған қоса, 70 млн тұрғыны бар Еуразиялық  экономикалық одақ бар. Сондай-ақ, біз «Нұрлы жол» бағдарламасымен және Жібек жолы экономикалық белдеуімен тоғысатын «Бір белдеу, бір жол» бастамасына зор үміт артамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер