Елордада ерекше кітап көрмесі қанат жайды. Онда егемендік алғаннан бері жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері қойылған. Бір мыңға жуық кітапты елордалықтар қолдарына алып оқып, мазмұнымен таныса алды. Еңбектердің жазылған тіліне де таңдау бай. Көрмеге қазақ, орыс, ағылшын және өзге де тілдердегі кітаптар қойылған. «Бұл еңбектердің бәрі Ұлттық академиялық кітапхананың қорынан алынған»,- дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан көрмеден соң, бұл кітаптардың әрқайсысын кітапханадан табуға болады. Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орайластырылған шарада кітаптармен қатар фотомұрағат та қойылды.   

МҰХТАР МАНКЕЕВ , «ҚАЗАҚСТАН -2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ  КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Қазақ кітаптары 1929 – 1940 деген көрмені де жалғастырып жатырмыз. Сол 11 жыл ішінде латын қарпімен жазылған кітаптарды көрсетіп жатырмыз. Бұл жерде тек Елбасының рөлі ғана емес, еліміздің құрылысы, Қазақстанның жоғары деңгейге келіп қалыптасуы, халықаралық деңгейде Қазақстанды қалай біліп жатқаны - соның бәрі мына үстелдердің үстіне қойылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер