Орталық Азияның креативті жастары Астанада бас қосты. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның 80-нен астам өкілі қатысты. Шараны Ұлыбритания тарапы ұйымдастырып отыр. Айту керек, Біріккен Корольдік бұл саладағы көшбасшылар қатарында. Қазіргі таңда креативтік экономика бұл елдің ІЖӨ-нің 3 пайызын алып отыр.

АСҚАР АМРИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жоғары технологиялар мен креативтілікті әр салада қолдануға болады. Олар экономикалық өсімнің қозғаушы күші. Астана ЭКСПО көрмесін ұйымдастырудың арқасында креативті индустрияны дамыту әлеуетін көрсетті. Алдағы уақытта елордадағы мұндай нысандардың саны артатын болады.

Кретивтілікті тек  жаһандық өзгерістер жасау үшін емес, шағын істерді тындыруда да қолдануға болады. Мәселен, адамның аты мен лауазымы жазылған кішігірім қағаздың өзі  креативтілігіне байланысты бағаланады. Мұны қырғызтандық «Ділден» платформасы дәлелдеп отыр. Бұл суретшілер, дизайнерлер мен сәулетшілерге арналған алаң.

НАРГИЗ ЧЫНАЛИЕВА, «ДІЛДЕН» СТУДИЯСЫНЫҢ АРТ ДИРЕКТОРЫ:

 - 4 жыл бұрын платформа пайда болған кезде Қырғызстанда визиткалар өте қарапайым болатын. Қолмен жасалатын күнделіктер, хаттар мен бизнес визиткалар әзірлейміз. Қарапайым бір визитканың құны 50 теңге болса, креативтісі 500 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Командамыздамыз ұлғайтып жатырмыз. Қазақстандықтар да бізбен бірге жұмыс істеуге ниет танытса қуана келісеміз.

Баспа ісімен қатар кино, сәулет, музыка және жарнама ісі де креативті салалар қатарына енген. Форум барысында тағы қандай салаларда креативті экономиканы дамытуға болатындығы сөз болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер