Жыл соңына дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы автобус бағыты ашылмақ. Бұл қызметті Шымкент пен Ташкент қалаларына қатынайтын жолаушылар пайдалана алады. Ең алдымен, дәл осы бағытта жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Келесі жылы өзге де қалалар арасында автобус байланысын орнату көзделуде. Айту керек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында тек жүк тасымалдау мәселесі шешілген болатын.

АЙДЫН ШОШАЕВ, ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

 - Шымкент пен Ташкент арасында погран переходтан күніне 2000-2500  адам өтеді екен. Автобус сообщение жоқ болғаннан.Енді біздің жоспарымыз бойынша олардың бәрі автобуспен жүріп, халықаралық маршруттарға отырады деген жоспарымыз бар. Экономикалық тұрғыда заң жүзінде маршруттарды тасымалдаумен айналысқаннан кейін одан пайда түседі. Жұмыс орындары пайда болады.

Қазір тасымалдаушы компанияны таңдау бойынша шаралар атқарылуда. Нарық бәсекелестік ортада болғандықтан, тасымалдаушылардың тиісті ұсыныстары қарастырылмақ. Жол жүру құны да сол кезде нақтыланады,-дейді көлік комитетіндегілер. Тасымалдаушы белгіленген бағытта 5 жыл ішінде қызмет көрсете алмақ.

АЙДЫН ШОШАЕВ, ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

 - Шымкент пен Ташкенттің арасы 250 шақырымнан көп болмағандықтан, біздің заңға сәйкес 15 минут сайын жүруге болады. Жолаушылардың ағынына байланысты ұйымдастырылады. Тасымалдаушылардың ұсынысына да сәйкес. Нарыққа бергендіктен халықаралық маршруттың бағасын да тасымалдаушы өзі анықтайды. Тиісті құжаттарын тапсырған кезде айта аламыз.

Айту керек, Өзбекстан Орталық Азия елдерінің ішінде біздің елмен автобус байланысын орнатқан екінші мемлекет. Қазіргі таңда Қазақстан мен Қырғызстан арасында Алматы-Бішкек, Алматы-Чолпон-Ата, Қарағанды-Чолпон- Ата сынды 10 бағыт бойынша автобус қатынайды. Сұраныс болса, өзге елдермен де байланыс орнатуға әзірміз,- дейді көлік комитетіндегілер. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер