Ел экономикасының басты салаларында 10 айдың қорытындысы бойынша елеулі өсім тіркелді. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, өнеркәсіп өндірісі 7,5 пайызға өсті. Өнеркәсіптегі оң көрсеткішке көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, металл кендері, мұнай өңдеу және металлургия өнімдерін өндіру елеулі әсер еткен. Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп 5,2 пайыздық өсім көрсетті. Атап айтатын болсақ, отандық дәрі-дәрмек өндірісі, тоқыма бұйымдары, қағаз өнімдері, азық-түлік және сусын өндіру саласында қарқын артқан. Сондай-ақ жиһаз өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасауда ілгерілеушілік бар. Жалпы еліміз бойынша, өнеркәсіптің тамырына қан жүгірткен өңірлердің көш басында Атырау тұр. Одан кейін, Батыс Қазақстан облысы мен Астана қаласы жоғарғы көрсеткішті жалғастырады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі де біршама артқан. Әсіресе, Павлодар, Маңғыстау және Қызылорда облыстары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге елеулі үлес қосып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер