Табысты жастар тәжірибе бөлісуде. Елордада Астана қалалық  Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жастар форумы өтті. Шара барысында бизнес, спорт және қолданбалы өнер салалары бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. «Мен қазақстандықпын» үшінші форумы Тұңғыш президент күніне орайластырылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын этномәдени бірлестіктерге келуші жастардың саны артуда. Қазіргі уақытта қалада барлығы  24 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА,  АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Былтыр бұл 24 бірлестіктің жанында 10 ғана жастар қанаты болған. Енді биыл 15 жастар қанаты болып отыр. Жастардың өз ана тілдерін ұмытпаулары үшін қала бойынша 12 жексенбілік мектеп, лингвистикалық орталық дейміз ғой жұмыс істеуде.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер