«Қазақстан-2030»-дан «Қазақстан-2050»-ге дейін. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада осындай тақырыппен тарихи-деректі және кітап көрмесі ашылды. Ол мемлекеттің 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының қабылдануына 20 жыл толуына орайластырылды. Стратегияны Мемлекет басшысы 1997 жылы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған болатын. Бұл құжат гүлденуші мемлекет құру жолындағы бастапқы нүктеге айналды. Келушілерге ұсынылған экспозициядан бағдарламаны қабылдау мен іске асырудың негізгі кезеңдері туралы мағлұмат беретін мұрағат материалдарымен танысуға болады. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы елеулі оқиғалар туралы кітаптар да осы жерден табылды.

ҚАЙРАТ ӘЛІМҒАЗИНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - 1997 жылы «Стратегия-2030»-да жарияланған басты жеті басымдық толықтай орындалды. Бұған барша қазақстандықтар куә болып отыр. Бүгінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің еліміз көптеген аймақтық, мемлекеттік, жаһандық бағдарламалардың бастамашысы екені белгілі. Мысалға келтіретін болсақ, ОртаАзиялық ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттерді біріктіру туралы Елбасы бастамасы. Осы құжаттардың барлығы – аталған идеяның лейтмотиві деп айтар едім.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер