Жаңа жаһандану жағдайындағы Қазақстанның жаңғыру моделі Астанадағы халықаралық парламенттік конференцияға арқау болды. 15 елдің парламент депутаттары, дипломаттар, саясаттанушылар, сарапшылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларын талқылады. Цифрландыру мен «жасыл» экономикаға көшу бастамалары жоғары бағаланды. Сарапшылар ел дамуына ғана емес, жаһандық түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныстарды да табысты деп атады. Бірінші кезекте, ядросыз әлем құру, экстремизм мен терроризммен күрес, Орталық Азияда қауіпсіздік аймағын құру және тағы басқаларына тоқталды. Шетелдік меймандардың айтуынша, сынақтар мен қиыншылықтарға төзе білген қазақ халқы әлемдік қауымдастықты мойындатты. Еліміз Сириядағы қақтығысты реттеуде өлшеусіз үлес қосты. Еуразиялық Экономикалық Одақты құруда маңызды роль атқарды. Ал келер жылы қаңтар айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес мүшелігі аясында төрағалық етеді.

АХМЕТ АЙДЫН ТҮРІК РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстан бүгінде әлемдік саясатта маңызды орын алады. Тіпті, елордада өткен ЕХРО көрмесін алайық. Сондай-ақ Астанадағы келіссөздер алаңы бар, ол да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздерге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.

СЕРГЕЙ НЕВЕРОВ РФ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстан жерінде Еуразия экономикалық Одағын құру туралы құжаттың қабылданғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен құрылған Ұйым. Қазақстан мен Ресей стартегиялық серіктес елдер ретінде осы жұмысты үйлестіре білгені қуантады. Бүгінгі шара да парламентарийлер арасындағы қатынасты талқылайтын өте орынды кездесуге айналды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер