«Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында Ақтөбе өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері жергілікті сакралды нысандарды аралады. 35 адамнан құралған топ Алға ауданындағы Есет батыр ескерткішіне барды. Бұл – Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген орындардың бірі. Батыр кесенесі осыдан 15 жыл бұрын салынса, ескерткіш жақында бой көтерді. Еңселі мүсінді «Туған жер» бағдарламасымен жергілікті кәсіпкер орнатқан. Жалпы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жоба аясында 100 тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімі түзілді. Оның ішінде Ақтөбе өңіріне қарасты Қобыланды батыр мен Абат Байтақ кесенелері, Хан моласы мемориалдық кешені бар.

ЕРКІН ҚҰРМАНБЕК, ҚХА АҚТӨБЕ ХАТШЫЛЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл киелі жерге байланысты, туған жерге байланысты істеліп жатқан жақсы тәрбиелік мәні бар шаралар деп айтуға болады. Есет Батырдың ескерткіші өте ұнады, ашық жерде көркем салынған. Бұл біздің халқымызды патриоттыққа, бірлікке тәрбиелеуге өзінің үлесін қосатын тарихи-мәдени орын деп айтуға болады.

НҰРБАҚЫТ БАРБОСЫНОВ, ҚХА АҚТӨБЕ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Шараға 18 ұлттық мәдени орталықтың өкілдері, басшылары түгелдей қатысты. Және, оның ең бірінші мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы деген болады, сондықтан, жұмыс өскелең ұрпақ, оның ішінде өзге ұлт өкілдері біздің өңір тарихын білу керек. Жоспарда 12 ауданның киелі жерлерін аралау жоспары бар. Келесі жылы Шығанақ Берсиев, Сүлеймен ата, Ботагөз батыр, Хан моласына жоспалар жалғасатын болады.

Еліміздің табиғаты ішкі туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. Осыны ескерген табиғат жанашырлары еліміздегі ең алғашқы скетч-картаны жасап шығарды. Аталмыш картаға Алматы облысына қарасты  киелі орындар, соның ішінде, туризм ошағына айналған Шарын шатқалы мен Орталық Азиядағы ең биік сарқырама Бұрханбұлақ, әйгілі Айғайқұм мен Тамшыбұлақ, сырлы Тамғалы тас туралы ақпараттар бар.  Сонымен қатар, картада 60-қа жуық киелі мекендер туралы  мәліметтер де берілген.

ӘНУАР ДЕМЕГЕНОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Тек осымен тоқталмай бұл картаны әрі қызықтырақ, әрі тағы да нысандар қосып, картада тұрған суретке жаңағы жерлердің аңызын, тарихын, жаңағы қандай да бір өзінің қасиетті ерекшеліктері бар екенін кіргізсек деген ойдамыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер