Қазақстан ірі халықаралық корпорацияларды геологиялық барлау ісіне тартуда. Мұның арқасында осы саладағы әлемдік технологиялар еліміз үшін қолжетімді болып отыр. Мәселен, енді тереңдіктегі жер қойнауын қысқа мерзімде зерттеуге мүмкіндік туындады. Пайдалы қазбаларды іздеуге 4 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестиция бағыттау жоспарланып отыр,-дейді Инвестициялар және даму министрлігіндегілер. Қаржы мыс, алтын, сирек жер металдары, қорғасын, цинк және хром сынды металдардың кен орындарын барлауға бағытталмақ. Барлығы мұндай 39 жоба қолға алынбақшы.

ҒАЛЫМ НҰРЖАНОВ, «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - «Rio Tinto» екі жоба бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізуде.  Олар биылдың өзінде 2 жарым млрд теңге жұмсауды көздеп отыр. Желтоқсан айының соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады деп ойлаймын. Австралиялық «Iluka Rersources» компаниясына да тоқталып өткім келеді. Олар биыл 10 мың метр бұрғылады. Ол үшін 600 млн теңге қаражат жұмсалып отыр. Алдағы уақытта зауыт салу жоспары да бар.

Мұнымен қоса, «Ulmus Fund» (Улмус Фунд) неміс қоры Қарағанды өңіріндегі мыс кенін барлауға қаржы бөлмек. Жоба құны 600 млн  теңге шамасында. Сондай-ақ биылд алғаш рет геологиялық барлау жұмыстарына ресейлік «Полиметалл» компаниясы да кірісті. Оның тапсырысы бойынша Қостанай облысындағы Шекара учаскесінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ол жерде алтын-күміс және мыс кені болуы әбден мүмкін.

ҒАЛЫМ НҰРЖАНОВ, «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Иранның «Ghadirholding» атты ірі холдингімен келісім-шартқа қол қойдық. Аз уақыт ішінде «Қазгеологияның» қолдауымен олар алғашқы геологиялық жұмыстарды жүргізді. Биыл ирандық компанияның қаржыландыруымен Қарағанды өңірінде жерүсті геофизикалық жұмыстар жүзеге асырылды. Келер жылы түрік, жапон және австралиялық кормпаниялармен келісім-шарт жасасу көзделуде.

Сондай-ақ, келер жылы Қазақстанда геологиялық барлауға бағытталатын жеке инвестиция көлемін арттыру жоспары бар. Бұл сома  шамамен 5 млрд теңге болады деп болжануда. «Қазмырыш», «Полиметалл» и «Қазақмыс Корпорациясы» жобалары да осының ішінде. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта шетелдік инвесторлар үшін саланың тартымдылығы әлі де арта түспек. Бұған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа кодекс сеп болады,-дейді олар. Құжат жыл соңына дейін қабылданбақ. Кодекстің арқасында пайдалы қазбаларды өндіру мен барлауға қажеті лицензияны алу уақыты қысқарады. Компания халықаралық стандарттармен жұмыс істейтін болады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер