Орталық Азия – сауда-экономикалық байланыстардың маңызды торабы. Аймақтағы геосаяси жағдай, энергетикалық және табиғи ресурстардың мол қоры, дамудың оң қарқыны орталықазиялық мемлекеттерді инвесторлар үшін тартымды етіп отыр. Сондай-ақ, Халықаралық даму институттарының елдердегі жобаларды қаржыландыруға деген қызығушылықтары соңғы кезде едәуір арта түскен. Мысалы,  Еуропалық қайта құру және даму банкі бес жыл бойы Қазақстанда жаңа елдік стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол кәсіпорындарды коммерцияландыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамытуға,  жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялауға және энергия тиімділігін арттыру жобаларын қолдауға бағытталған.

АГРИС ПРЕЙМАНИС, ЕУРОПА ҚАЙТУ ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСШЫСЫ:

 - 2018 жылы біз инфрақұрылым мен энергетика салаларына баса назар аудармақпыз. Сонымен қатар, қаржы секторына,  ауылшаруашылық және өнеркәсіптік жобаларға көп қаржы бөлеміз. Бүгінде біздің портфель 2,9 млр еуроны құрап отыр. Бұл Қазақстанның Еуропаның қайта құру және даму банкі үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді деп ойлаймын.

Биыл Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда жалпы соммасы 520 млн еуро болатын 20 жобаны қолдау туралы келісімге қол қойған еді. Олардың ішінде Жамбыл облысында қуаты 50 мегаваттық «Бурное Солар-2» күн эекстр станциясының құрылысы бар. Еуропа қайту құру және даму банкі жобаны жүзеге асыруға 50 миллион еуро берді. Ал Оңтүстік Қазақстандағы суару жүйелерін жаңғыртуға 152 млн қаржы бағыттап отыр.

АГРИС ПРЕЙМАНИС, ЕУРОПА ҚАЙТУ ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСШЫСЫ:

 - Оңтүстік Қазақстандағы жоба жергілікті ирригацияны жақсартып қана қоймайды, ол өңір кәсіпкерлеріне, шаруаларға жұмыстарының өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Біздің жасаған инвестициямыздың әсерінен ауыл шаруашылығы өркендей түседі, ал шағын және орта бизнестің мүмкіндіктері артады. Бұл ирригацияны жақсарту ғана емес, мен оны кәсіпкерлердің экожүйесін құру жобасы деп те атайтын едім. Сол себепті мен үшін бұл ерекше жоба.

Орталық Азия аймағындағы қызметін барынша жандандырып отырған тағы бір даму институты – Азия даму банкі. Бұл қаржы-несиелік ұйымы алдағы бес жылда Қазақстанға 3 млрд доллар инвестиция бағыттамақ. Банк бағдарламасына инфрақұрылымды дамыту, басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру жатады. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау, технологиялық инновацияларды ынталандыру жобаларына баса мән берілмек. Бұлардың бәрі жаңғыру міндеттеріне жауап береді. 

ДЖОВАННИ КАПАННЕЛЛИ, АДБ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ:

 - Казахстан играет важную роль в регионе, и инвестируя в Казахстан, мы получим значительный эффект не только на территории республики, но и во всей Центральной Азии. Казахстан – важный логистический и транспортный хаб региона. Тот же ООН, к примеру, размещает свои региональные офисы именно в Алматы. И географически Казахстан предрасположен к тому, чтобы быть центром региона.

Қазақстан Орталық Азияда маңызды роль атқарады, сондықтан сіздерге құйылған инвестиция жалпы аймақтағы ахуалға әсер ететіні анық. Сондай-ақ, Қазақ елі өңірдегі маңызды логистикалық және көліктік хаб десек, қателеспейміз. Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі өңірлік кеңсесін Алматыдан ашқаны тегін емес. Тіпті, географиялық тұрғыдан қарағанның өзінде, Қазақстан аймақтың орталығы болып табылады.

Орталық Азиядағы қарқынды дамушы тағы бір мемлекет – Өзбекстандағы жобаларға Азия Даму банкі алдағы үш жылда 3 млрд доллар инвестиция бағыттамақ. Бірінші кезекте, энергетика, көлік салаларының инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жобаларына қаржы бөлу жоспарланған. Сонымен бірге, Банк республикадағы шағын және орта кәсіпорындарға, агробизнеске қолдау шараларын қарастырып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер