Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланып жатыр. Қазір Қытай-Еуропа бағытын Қазақстансыз елестету мүмкін емес. Бейжің көлік университеті көліктік тасымалдар институты директорының орынбасары Чжан Сяодун осылай дейді. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қытайдан кәрі құрлыққа қарай жүк тасымалы екі есеге өскен. Ал Қазақ елінің тасымал жүйесі бұл қарқынға сай келетінін көрсетті. Оған жеңілдетілген кедендік бақылау жүйесі мен инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту септігін тигізген. Соның нәтижесінде Қазақстан транзиттік тасымал саласында басымдыққа ие болып отыр. Мәселен, біздің аумақ арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында 104 мың контейнер өткен. 2020-сыншы жылға қарай осы бағыт бойынша тасымал көлемін 800 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарда бар.

ЧЖАН СЯОДУН, БЕЙЖІҢ КӨЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ТАСЫМАЛ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - "Бір белдеу, бір жол" стратегиясы бірнеше бағыттан тұрады. Біз Еуропаға бірнеше жолмен жүк жеткізе аламыз. Бірақ Батыс Қытайдан Қазақстанды басып өтетін жол негізгі бағытқа айналып келеді. Бүгінде Қазақ елі өзінің транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланып үлгерді. Қытай-Еуропа бағытының үздіксіз жұмыс жасауына көршіміз теңдессіз үлес қосып келеді. Алайда, жоспар бойынша, жыл сайынғы жүк тасымалын 5000 поездге жеткізуді көзделген. Сондықтан осы саладағы әріптестікті тағы бір саты көтеруіміз керек.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін АҚШ сарапшысы, Халықаралық саясат орталығының директоры Люк Коффи да атап көрсетті.

ЛЮК КОФФИ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан жаңартылған сауда жолдарын құру мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Мысалы, Қытайдан Еуропаға және Еуропадан Қытайға дейінгі тауар транзиттері. Каспий теңізінің арқасында Қазақстанның өңірлік саудада мүмкіншілігі мол. Мұның бәрі АҚШ пен Трамп әкімшілігінің аймақтағы белсенділікке қол жеткізуіне, жағдайдың дамуын қадағалауға және Қазақстанның қазіргі кезеңде қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер