Елордада Қазақстан Халқы ассамблеясы қолға алған «Этнос күні» қалалық жобасы қорытындыланды. Бір жыл бойы жалғасқан шара аясында кавказ және шығыс халықтарының күндері ұйымдастырылған болатын. Этномәдени бірлестіктер ұлттық әндерін шырқап, билерін билеп, жұртшылықты қолөнер туындыларымен таныстырды. «Этнос күні – мәдениеттердің бірігу мерекесі»,-дейді шараны ұйымдастырушылар.  Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясында 24 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың бәрі жоба аясында өз дәстүрлері мен жетістіктерін паш ету мүмкіндігіне ие болды. «Этнос күні» жобасын славян және еуропа елдері этностарының фестивалі  қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары олар әзірлеген мерекелік концертті тамашалады.

ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.  Ол Қазақстан халқы ассамблеясында барлық этностар үшін тең жағдай жасалғанын тағы бір мәрте дәлелдейді. Олардың тілдері мен мәдениеттерін сақтауға, қоғамда белсенді болуларына толық мүмкіндік бар.

НИКОЛАЙ ПОЛОВИНКИН,  «WIEDERGEBURT» НЕМІС ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біздің орталықта 4 жастан 11  жасқа дейінгі балалар «Вундеркинд» үйірмесінде неміс тілін үйренеді. Сондай-ақ, кез келген тұрғынға арналған тілді үйрету курстары бар. Оның арқасында сынақ тапсырып, неміс тілін жетік меңгергені жайлы арнайы сертификат алуға болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер