Астанада ТМД жастарының ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Бұл туралы елордада өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте айтылды. Басқосуға аймақтағы елдердің жастар саясатының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде былтыр және биыл атқарылған іс-шаралардың нәтижесі сараланып, қорытынды түйіні тұйықталды. Сонымен қатар, 2020-шы  жылға дейінгі халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясын іске асыру мәселесі қаралды. Енді, әлемге ортақ мерекелік даталар мен ТМД елдерінің айтулы күндерін кеңеске мүше елдердің белсенділері бірлесе атқарады. Ол үшін әр мемлекетте арнайы құрылған жастар конгресі жұмыс істейді. Жиынға қатысушылар жастардың ресурстық орталықтарының  қызмет аясын кеңейту, еріктілер қозғалысын жетілдіру, өскелең ұрпақты елжандылыққа баулу төңірегінде де тәжірибе алмасты.

АЙДЫН СӘБИТОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ КОНГРЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстанның жастар саясаты ол тек қана ел ішінде ғана емес, жалпы сырт елдерде көрші елдермен де жұмыс істеу болып табылады. Соның аясында екі халықаралық алаңда қызмет етеміз. Біріншісі ол ТМД алаңы, екіншісі Шанхай ынтымақтастық ұйымының алаңы. Біз өзіміздің тәжірибемізбен алмасамыз. Әр мемлекет бір ынта, бастама қолға алып іс-шара өткізсе, соған ат салысуға тырысамыз. Өздеріміздің қатысушыларымызды жібереміз. Яғни бір-бірімізді қолдау болып табылады. Ешкім ешкімді міндеттемейді, жалпы ашық қолдау жұмыстары жүргізіледі.

ИНТИГАМ БАБАЕВ, ЖАСТАР ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /ӘЗЕРБАЙЖАН/:

 - Үстіміздегі жылы менің отбасым атты халықаралық фестиваль өткіздік. Жақын күндері жастар арасында  толеранттылық тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылады. Алдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018-2019 жылдары халықаралық еріктілер форумы мен ТМД елдерінің фестивалі сынды игі шаралар бізде болады деп көздеп отырмыз. Өзімізде өзге мемлекеттердің аумағында өтетін шараларға белсенділік танытып тұрамыз.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер