Оңтүстік Қазақстан облысы Орта Азияның туристік орталығына айналады. Мұнда тарихи және мінажат ету туризмін дамытуға мүмкіндік мол, дейді мамандар. Бұл туралы «Ontustik Tourism. Invest 2017» халықаралық форумына жиналған сала өкілдері пікір білдірді. Олардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан, аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, Арыстан баб кесенесі, Ибраһим ата бейіті, Қарашаш ана кесенелері жатады. Орта Азия елдерінен, тіпті жалпы түркі мемлекеттерінен мыңдаған адам аталған қасиетті жерлерге тәуіп етуге келеді.

ЖАНАР МАХАЖАНОВА, ОҚО КӘСІПКЕРЛІК, ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Түркі әлемінің рухани астанасы –  Түркістанда тарихи-мәдени туризмге басымдық берілмек. Ондағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру жоспарланған. Жаңа туристік нысандар құру ойы тағы бар.

Көне Ұлы Жібек Жолында орналасқан тарихи және діни орындарға бірнеше елдің аумағымен өтетін туристік сапарлар ұйымдастыруға болады, дейді мамандар. Шараға қатысқан Өзбекстан және Қытайдың туристік компанияларымен осы мақсатта 4 меморандумға қол қойылды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер