БҰҰ Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын жоғары бағалайды. Ұйым Бас хатшысының орынбасары әрі қарусыздану сұрақтары жөніндегі Жоғарғы өкілі Изуми Накамицу осылай дейді. Халықаралық қауымдастық өкілдері Елбасының жуырда Астанадағы Пагуош қозғалысының форумында сөйлеген сөзіне ерекше назар аударып отыр. Онда Нұрсұлтан Назарбаев антиядролық қозғалысқа қатысты барлық жаһандық бастамаларды бір арнаға тоғыстырып, БҰҰ-ның 100 жылдығын қарусыз қарсы алуды ұсынған. Айта кеткен жөн, қазан айының соңында БҰҰ Бас ассамблеясы Қазақстанның «ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл» Халықаралық күні туралы жаңартылған қарарын қабылдады. Еліміз құжатқа осы күнге орай жыл сайын жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс өткізу туралы тармақ қосуды ұсынған болатын.  

ИЗУМИ НАКАМИЦУ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстанға, ұсынып отырған бастамалары үшін алғыс айтамын. Семей полигонын жауып, өзгелерді осыған шақыруы БҰҰ-ның өкілдеріне әсер етпей қоймады. Өздеріңіз білетіндей, ядролық сынақ жүргізуге мораторий жарияланған. Оны тек бір мемлекет қана бұзып отыр. Жалпы, Қазақстанның бұл салада атқарған еңбегі зор. Сондықтан БҰҰ қазақ елімен ядролық қарусыздану сұрақтары бойынша әрі қарай да жұмыс істеуге ниетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер