Елордада білім қуған елжанды оқушылар жиналды. Жыл сайын Дүниежүзілік балалар күніне орай белсенді шәкірттер республикалық форумда бас қосуды игі дәстүрге айналдырған. Биыл шараға әр өңірдің бетке ұстар дарынды жасөспірімдері мен көшбасшылар бастаған 320 бала атсалысты. Әдеттегідей жалындыған жігерлі қатысушылар көкейлерінде жүрген отты ойларын 13 бірдей тақырыптық алаңдарда көтеріп, пікірталас құрды, ұтымды жобаларын ұсынды, өнерлерін ортаға салды. Бастысы өскелең ұрпақ тың бастамалары мен игі ниеттерін бүгіннен-ақ сөзден іске асыруға әзір. Бұл жағы ел ағаларының қаперінде.    

ТАҢЖАРЫҚ ШӘРІПТАЙ , ОҚУШЫ /АЛМАТЫ Қ./:

 - Менің ұсынысым – балалар мен ересектер бірігіп Қазақстан Республикасының балалар парламентін құру. Бұл жердегі басты мақсат – Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселелерді шешу білім саласында, спорт, туризм саласында болсын балалармен ақылдасып оны жоғарғы өкіл шешше деген ойдамын.

НҰРБЕК ОРШЫБЕКОВ, ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Былтырғы форумда ұсынылған 73 ұсыныстың бүгінгі таңда 36-сы қарастырылып, құқықтық актілерге еңгізіліп отыр. Бұл ұсыныстар балалардың құқықтарын қорғау жайындағы дәйекті, өзекті мәселелер болып табылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер