Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытуда халықаралық тәжірибе қолданылады. Саладағы тың технологиялар туралы Астанада тіл мамандары мен оқытушылардың қатысуымен өткен онлайн-семинарда айтылды. Жиынға қатысушылар өздерінің табысты іске асырылған әдістемелерін таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтатын болсақ, Тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілінің лексикалық минимумдарын игеру бойынша оқулықтар топтамасын таныстырды. Аталған әдістемелік құралдар аға буын өкілдеріне арналған және заман талаптарына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта орталық бесінші кітапты аяқтауға жақын, жаңа басылым жыл соңына дейін басып шығарылады.

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз адамның бір күнде пайдаланатын сөздерінің орташа санын есептеп, жиі қолданатын сөздерін анықтап, мониторинг жасадық. Алғашқы кітапта 137 сөз қамтылған. Одан соң 500, 900 және 1200 сөз. Қазір бір жарым мың сөз енгізілген кітапты аяқтап қалдық. Бұл күнделікті базалық деңгей. Мысалы, ағылшын тілін үйретудің базалық деңгейі бар. Лексикалық минимум Ресейде де бекітілген.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер