Ақтөбедегі газоблок кірпіштерін шығаратын зауыт өнім өндіру көлемін ұлғайтты. Бұл өндіріс ошағы Қазақстандағы отыз үздік экспорттаушы кәсіпорынның қатарына кіреді. 2008 жылдан бері тұрақты өндіріске енгізілген құрылыс кірпіштері ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие. Бүгінде жоғары сапалы өнім еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік облыстарына жеткізіледі. Ал осыдан үш жыл бұрын өндіріс нысаны құрылыс материалдарын көршілес Ресей нарығына шығара бастады. Бәсекелестікке қарамастан, өз орнын таба алды. Сөйтіп, Орынборда филиалын ашып, бүгінгі күні дайын өнімнің бір бөлігін тұрақты түрде жөнелтіп отыр.

ЕЛЕНА НЕЧАЕВА, ЗАУЫТТЫҢ ОРЫНБОР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - 2013 жылы Орынбор қаласында тұрақты жұмыс істейтін өкілдігімізді аштық. Содан бері, экспортқа шығатын өнім көлемін бірнеше есе арттырдық. Қазір өндірілген өнімнің 15 пайызын Орынборға жөнелтіп отырмыз. Бәсекелестікке қарамастан, сапалы өнім әрқашан сұранысқа ие. Үмітіміз зор, өйткені біздің блоктардың сапасы керемет, геометрия жағынан мінсіз деп айтуға болады.

Ақтөбелік зауыт 8 түрлі құрылыс блоктарын шығарады. Бұған қоса, кәсіпорын үйлердің едені мен шатырларын жылытатын материал өндіреді. Өнімдердің барлығы отандық шикізаттан жасалады. Қауыттың жылдық қуаты 210 мың текше метр өнімді құрап отыр. Ал экспортқа жеткізілетін көлем жыл сайын ұлғайып келеді. Келешекте өнім өткізудің өзге де бағыттарын бағындыру жоспары бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер