Лондонда «Қазақстан-Ұлыбритания» инвестициялық форумы өтті. Британдық бизнес және халықаралық қаржы институттарының өкілдері Қазақстанның мемлекеттік компанияларының жекешелендіру бағдарламасымен жіті танысты. Сондай-ақ «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы туралы толыққанды ақпарат алды. Орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанға инвестиция тарту үшін инвесторларға бірқатар жеңілдіктер жасалғандығын атап өтті.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Біз  Қазақстанның конституциялық заңы мен мемлекет басшысының бастамасына сәйкес 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, арбитражды орталық, жаңа биржа сияқты халықаралық қаржы орталығының негізгі институттары өз жұмысын бастайтындығы туралы мағлұмат бердік.

Kazakh Invest өкілдері әлеуетті инвесторларға компания ұсына алатын салалық және аймақтық жобалардың жаңа мүмкіндіктерін баяндап берді. Сондай-ақ, жиында Қазақстан экономикасына бағытталған британиялық инвестициялардың жиынтығы 20 млрд. АҚШ долларынан асып жығылғаны айтылды. Жалпы, ағымдағы жылы қабылданған Қазақстанның Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес, инвестиция тарту бойынша Біріккен Корольдік жоғары орында тұр.

БІРЖАН ҚАНЕШЕВ, KAZAKH INVES TҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазір біз Қазақстан-Британ кеңесімен талқыға түсетін бірқатар ұсыныстарды әзірлеп жатырмыз. Біз белсенді тәсіл қолдандық. Яғни, нақты жобаны алып, үкіметаралық комиссияның талқылауына салатын боламыз. Және оған жан-жақты қолдау білдіретін боламыз.

Форум нәтижесінде Kazakh Invest Ұлттық компаниясы және Қазақстандағы Британ сауда палатасы арасында әріптестік қарым-қатынас жөнінде меморандумға қол қойылды. Дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылы ішінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыс стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін өсті. Ел экономикасының ірі инвесторлары бола білген Британия Қазақстанның маңызды сауда және экономикалық әріптесіне айналды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер