Елордада Астана клубының үшінші отырысы өтті. Оған 27 елден 60-тан астам мейман келді. Тізімде Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл, Чехияның экс-басшысы Вацлав Клаус пен Словенияның бұрынғы көшбасшысы Данило Тюрк бар. Бұл жолғы тақырып өзекті. Сарапшылар Еуразияның даму келешегін талқылады. Қазақстан бұл жолы да төрт тарапты ымыра-бірлікке, сенім мен серіктестікке шақырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз әлемге соңғы уақытта жетіспей жатқан нәрсені бергіміз келеді. Бұл дегеніміз жаһандық міндеттерді шешу үшін бірігу, ауызбіршілік пен толеранттылық таныту. Қазақстандық дипломатияға диалог, ымыра мен өзара тиімді әріптестік пәлсапасы тән. Мұны Сирия мәселесі бойынша делдалдық іс-қимылымыздан, антиядролық бастамаларымызға, мәдениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесімізден байқауға болады.

Еуразияда барлық державалардың мүддесі тоғысқан. Әлемдік саясат пен экономиканың қалай өрбитіні осы құрлықпен тікелей байланысты. Ал оның күйзеліске емес, дамуға бет алуы адамзат үшін аса маңызды. Мәселе, ауызбірлікте, деді Елбасы.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Адамзаттың, Еуропа-Азия субқұрлығының келешегі өзара ынтымақтастықта, өзара саудада деп ойлаймын. Еркін кеңістікте сауда жүргізе отырып, дамуды жалғастырамыз. Біздің болашағымыз тең құқықтық интеграцияға, өзара құрмет пен халықаралық құқықты сақтауға негізделген байланыстарда екеніне сенімдімін.

Осылайша, Үлкен Еуразияны ортақ мүддеге жұмылуға шақырған Қазақстан текетірес емес серіктестікке үн қосты. Ал Астана өзінің ең жоғары деңгейде саяси диалогтар өткізе алатын алаң екенін тағы бір рет көрсетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер