Биылғы жылы еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 3,7 пайызға дейін жетуі мүмкін. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының  сарапшылары осындай болжамдарымен бөлісіп отыр. Бұл  халықаралық қаржы қорының әлем экономикасына жасалған шолуындағы көрсеткіштерден біршама жоғары. Олар 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 3,3 пайыз шамасында болады деп болжаған.  Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында елдің ішкі жалпы өнімінің өсімі 4,2 пайыз болды. Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додоновтың айтуынша, екінші жартыжылдықта бұл қарқынды сақтауға ден қойылған.

ВЯЧЕСЛАВ ДОДОНОВ, ҚСЗИ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Биылғы жылы экономиканың өсімі, негізінен, мұндай бағасының жақсаруымен байланысты. 2017 жылдың 9 айында мұнайдың орташа  құны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Бұған қоса, Қашағанда мұнай өндіріле бастады. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық өсімінің артуына әсерін тигізіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер