Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы қызметі әлемде жоғары бағаланып отыр. Бүгінде күллі әлем көз тігіп отырған Сирия мәселесін реттеудегі Астана процесі еліміздің бітімгерлік саясатының айқын көрінісіне айналды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып, Сирия келіссөздеріне бейтарап алаң ұсыну арқылы әлемдегі тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосып отыр. Бас шаһарымыздағы сөзбайлам Женева келіссөздеріне үлкен серпін береді. Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов осылай дейді.

АЙДАРБЕК ТҰМАТОВ, ҚР СІМ АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз келіссөздер аясында кепілді елдің делегацияларымен және басқа да қатысушылармен консультациялар өткіздік. Оның қорытындысы бойынша Ресей, Түркия және Иран тұтқындалғандарды босату мәселесіне басты назар аударатынын айтып, оны бірлескен мәлімдемеге қосты. Сондай-ақ кездесу барысындағы Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға қатысты басқа да мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, террористерден азат етілген жерлерді минадан тазарту, терроризммен күрес мәселелері де.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер