ЕАЭО елдерінің өзара тауар айналымының көлемі артты. 2017 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша одаққа мүше бес мемлекеттің өзара сауда-саттығының көлемі 27 пайызға артып, 34 миллиард долларды құрады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың басқа қатысушыларымен 3 миллиард 300 миллион долларға сауда жасаған. Соның ішінде, Беларусь елімен тауар айналымы үш есеге, Армениямен алты есеге өскен.

Жақында ел парламентінің Мәжілісі ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден Кодексі бестіктің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруды көздейді. Одақтың алғашқы кедендік құжаты 2009 жылы қабылданған. Содан бергі 8 жылда ол ескіріп үлгерді. Ұлттық Экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа кодекстің артық тұсы көп дейді. Мәселен, кедендік рәсімдер енді автоматтандырылады. Сосын электронды декларация жүйесі енгізіледі. Құжат 2018 жылдың 1і қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.

СЕРІК СЕЙДУМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Жеке тұлға тапсырыс беретін не әкелетін тауарға баж салығын төлеу керек болса ол декларация тапсыруы қажет. Жаңа кодекске сай енді оны электронды түрде беруге болады. Осының тәртібін түсіндіріп кетсеңіздер.

ҒҰСМАН ӘМРИН, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл үшін кодексте қосымша норма көзделген. Тек жеке тұлға ғана емес, кеден қызметкері де декларацияны толтырып бере алады. Ол үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Яғни, екі жолы бар, бірі – жеке тұлға өзі порталға кіріп, өз атынан декларацияны толтыра алады немесе сол жерде тұрған кеден қызметкері ол үшін толтырып бере алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер