2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,3 пайызға өсуі мүмкін. Халықаралық валюта қорының сарапшылары осындай болжам жасады. Мамандар экономика өсіміне әсер еткен басты жағдайлардың бірі ретінде Қашаған кен орнында мұнай өндіру ісінің басталуын атады. Сондай-ақ, қор өкілдері Қазақстанның Ұлттық банкі жасаған болжаммен айырмашылықты да түсіндірді.

ЮХА КЯХКОНЕН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Сіздің Ұлттық банк 4,3 пайыздық өсім болжап отыр. Жыл соңына дейін мәлімет түскен сайын, біз де өз болжамымызды қайта қарастыратын боламыз, тіпті оны ұлғайтуымыз да мүмкін. Ал орташа мерзімдік көрсеткіштерге келсек, алдағы бірнеше жылдағы өсім 4-4,5% деңгейінде болады деп топшылаймыз.

Халықаралық валюта қорының сарапшылары елімізде валюта нарығын реттеуді және банк секторын нығайту шараларын жалғастыруға кеңес береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер