Қазақстандық және әзербайжандық археологтар Әзербайжан мемлекетінің аумағынан скиф-сақ обаларын іздемек. Мақсат – ежелгі тайпалардың кавказ аймағында мекен етуі мүмкін деген болжамды нақтылау. Ғалымдар бірлескен қазба жұмыстары нәтижелі болатынына сенімді. Осы ретте Берел қорғанындағы соңғы зерттеулерде табылған жаңа тарихи деректерді тереңірек зерттеу көзделген.

ЗАУР ГАСАНОВ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ /ӘЗЕРБАЙЖАН/:

 - Мен үшін осы халықтың жерлеу рәсімін зерттеу маңыздырақ болды. Себебі, сол дәстүрдің іздерін Әзербайжан археологиясынан анықтағым келеді. Көптеген ғалымдардың мәлімдемесіне қарамастан өлі денені қабірге тапсыру зороастризммен мүлдем қатысы жоқ. Себебі онда, денені жерлеуге, өртеуге болмайды. Ал, мұнда біз шаманизм немесе түрік халықтарының ата-баба дініне жақындау рәсімін бақыладық.

Скиф-сақтарының көптеген ескерткіштері Әзербайжан археологиясынан табылды.

ЗАУР ГАСАНОВ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ /ӘЗЕРБАЙЖАН/:

 - Археологтар скиф ескерткішін тапқан соң, оны скифке тиесілі екенін анықтай алмай әуре болады. Сол себепті жерлеу рәсімін зерттеу – өте маңызды іс. Басқа археологтар жерге көмудің болжамды ерекшелітерін анықтап қойған. Менің қызметім Әзербайжан археологиясындағы жерлеу рәсімдерінің ерекшелігін анықтау. Енді, қазақстандық археологтармен бірігіп, Зейнолла Самашевпен қорғандарды тауып, қазба жұмыстарын жалғастырамыз.

Берел қорғанынан табылған деректер тек скифке қатысты мәліметтермен шектелмейді. Жәдігерлер ғылымға ғұндар мен аварлар жайлы және түрік қағанаты туралы мол мағлұмат береді. Ғалымның айтуынша, Алтайдағы осы элементтердің даму барысын бақылап көру керек. Бұл әдіс-тәсілді тайпалардың пайда болуын зерттеу кезінде де қолдануға болады. «Егер оларды анықтай алсақ, онда біз оң нәтижелерге қол жеткізіп, екі ел арасындағы ғылыми қарым-қатынастарды дамытуда өте маңызды қадам жасаймыз», - дейді ғалым.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер