«Дамып келе жатқан Қытай экономикасы: Қазіргі жағдайы және даму әлеуеті». Астанадағы Тұңғыш президент кітапханасындағы Қытайды зерттеу орталығы осы тақырыппен сарапшылардың басын қосты. Орталықтың мақсаты – тараптар арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, алыс-берістің көлемін еселей түсу. Жұмысы негізгі 4 бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтсақ, «Бір белдеу, бір жол» жобасын бірлесе ұйымдастырып, екі ел сарапшыларының жан-жақты талдауына қолдау білдірумен қатар, жастардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау жоспарланған. Осылайша, аспан асты елінің мәдениетінен бөлек, басқа салаларын да терең зерделеудің  мүмкіндігі жасалмақ.    

ЧЖАН ЖАОАН, ШАНХАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біздің көздегеніміз Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту. Негізгі мақсат – экономикалық әрі мәдени тұрғыда бірлесе жұмыс істеп, тың жобаларды қуаттау. Осы шаралардың аясындағы кездесулердің шағын және орта бизнес өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер үшін тиімді тұстары көп.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер