Қазақстан Сирия дағдарысын реттеудегі игі бастамалары арқылы жаһан жұртшылығының назарын өзіне аударып отыр. Астана процесіндегі келіссөздер – бейбітшілікке бастайтын жол. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы жанындағы «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын зерттеу орталығының бас хатшысы Ван Сяоц-юань осындай пікірде. Оның айтуынша 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан халықаралық заң талаптарын сақтай отырып, Сирия мәселесін реттеуде зор еңбек сіңірді. Мұны әлемнің көптеген елдері мойындайды.

ВАН СЯОЦЮАНЬ, «БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Сирия мәселесі өте күрделі. Жағдайдың ушығуына түрлі үлкен күштер әсер етуде. Экстремизм, терроризм және ел билігіндегі тұрақсыздық. Соның кесірінен қарапайым халық зардап шегіп отыр. Ал Қазақстан осы дағдарысты бейбіт түрде шешуге тырысып, Сирия xалқының көңіліне үміт отын жақты. Астана процесінің нәтижесінде қақтығыстар едәуір азайып, гуманитарлық жағдай оңалды.

Қазақстан – көпвекторлы саясат ұстанған мемлекет. «Еліміз Батыс әлемімен, Ресей, Түркия және Иран мемлекетімен де жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан Сириядағы ушыққан өзекті мәселеден оң жол табу үшін Астана өте қолайлы алаңға айналды. Ең бастысы бұл процестің басты жетістігі – жауласушы тараптарды келіссөзге шақырып, қарулы қақтығысты уақытша тоқтатуға қол жеткізуінде», - дейді саясаттанушылар.

НҰРЛАН СЕЙДІН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Алғашқы кездесулер өте күрделі қиын жағдайда өткенін атап өтсек болады. Бірақ соған қарамастан біртіндеп осы көптеген жақтың бір мәселеде келісіп шешуге, әр тараптардың ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып шешуге мүмкіндік туындауда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер