Астана халықаралық қаржы орталығы жанынан жобаларды ерте қаржыландыратын венчурлық қор ашылмақ. Ол 2018 жылы құрылатын болады. Жоба ел Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің өнім инновациясын ынталандыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл жайлы Білім және ғылым министрлігі комитетінің өкілдері мәлімдеді. Қор технологиялық стартаптарға шетелдік инвестиция тартумен айналысады деп жоспарлануда.

БОЛАТ ӘБДІРӘСІЛОВ, ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз қазір инновация мәселелерін айтып жүрміз. Бірақ ол нақты не екенін, өңірлік деңгейде қалай жүзеге асырылады, оны қалай зерттеуге болады, оған қандай көмек көрсету керек дегенде, осы обсерватория көресететін айту керек. Осы жоба арқылы Қазақстанда инновациялық экожүйені құруға толық мүмкіндіктер бар.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер