Қазақстанға тәуелсіздіктің ширек ғасырында 265 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары да арта бермек. Бүгінде Республика инвесторларды қорғау бойынша үздік көрсеткішке ие. Дүниежүзілік банктің 190 ел бойынша жасаған рейтингінде миноритарлық инвесторарды қорғау жөнінен Қазақстан үшінші орыннан көрінді. Біздің ел әлемнің 48 мемлекетімен инвестицияларды ынталандыру мен өзара қорғау туралы келісімге отырған. Осы бағыттағы құқықтық базаны жетілдіру де басты назарда. Мысалы, 2018 жылы қызметін бастайтын Астана қаржы орталығының жанынан арнайы халықаралық сот жүйесі құрылмақ.

АЙГҮЛ ҚЫДЫРБАЕВА, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Жаңа жасақталатын сот жүйесінің негізгі ерекшелігі ағылшындық үлгіде жұмыс істейтін болады. Құрылымда халықаралық деңгейдегі беделді соттар төрелік етеді. Сот ағылшын тілінде жүргізіліп, ұлттық соттан ерекше болады. Олардың өз аппеляциялық соты болады. Олар мемлекеттік сотқа шағымданбайды. Еркешелігі - олардың шығарған сот шешімі халықаралық сот шешімі ретінде орындалады.

Қазақстанда Ұлт жоспары – бес институттық реформаны іске асыруға бағытталған 100 қадамның негізінде еліміздің сот жүйесіне бірқатар жаңалықтар енгізілді. Соттардың кәсіби деңгейін күшейту, электронды сот төрелігін дамыту, азаматтық процестік заңды жақсарту және қылмыстық заңнаманы жаңғырту бойынша негізгі бес басымдыққа ерекше назар аударылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер