Назарбаев зияткерлік мектептері халықаралық орта білім беру кеңесінің акредитациясынан өтіп жатыр.  2019 жылға дейін еліміздегі осы үлгідегі бар 20 оқу ордасы толықтай тіркеуден өтеді. Мақсат әлемнің үздік деген оқу үлгілерін ендіру. Бұл жөнінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кезекті ІХ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды. Биылғы басқосу шәкірттерге салиқалы білім ұялатумен қатар, елжандылық тұрғыда ой-өрісі дамыған саналы ұрпақ тәрбиелеуге арналып отыр. Сондықтан бұл жолы «Білім берудің құндылықтары, әл-ауқаттылық және инновация» тақырыбы жиынның өзегіне айналды. 20 елден келген мың жарымға тарта сала мамандары екі күн бойы тәжірибе алмасып, білім жүйесін жетілдіру жөнінде ой бөлісті. Шара аясында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Айта кету керек, конференцияға ұстаздар қауымымен қатар халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.

КҮЛӘШ ШАМШИДИНОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Кез-келген конференцияны әріптестікті жалғастыру үшін пайдаланамыз. Біздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өзінің мызғымайтын принциптері бар. Олардың бірі дүниежүзінің белгілі, беделі жоғары ұйымдармен жұмыс істейміз. Екіншіден қандай дүние жасасақ та, оның авторлық құқығы бізде Қазақстанда болу керек. Үшінші мәселе – бұл біздің мамандарды даярлау. Міне сондықтан да осы үш мәселенің аясында тағы біраз жұмыстар жүргізіледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер