Жас мамандар тау-кен өнеркәсібі саласында өз инновацияларын ұсынуда. Жылыту құрылғыларынан заманауи энергия үнемдеу материалдарын қолдануға көшу – осындай  тың идеялар қатарында. Авторлар мұндай әдістің көмегімен қуатты барынша үнемдеуді көздеп отыр. Сондай-ақ арнайы құрылғылар арқылы тау суын тазарту жобасы мен серверлік құрылғылардың жұмысын оңтайландыру жобалары да ұсынылды.

ИВАН ХАРЛАМОВ, «КОМАРОВ ТАУ КӘСІПОРНЫ» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Біз өзімізде виртуалды серверлерлі енгізудің көмегімен шығындарды азайтуды көздеп отырмыз. Жоба, алдымен, құрал-жабдықты сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайтады. Сондай-ақ электр энергиясын үнемдей аламыз.

Бұл жобаларды жас мамандар VII халықаралық ғылыми конференция барысында талқылады. Жиында геология, гидрогеология, гидрометаллургия, экология, энергия үнемдеу сынды бағыттар бойынша жобалар  ұсынылды. Мұнымен қоса, биыл қатысушылар экономика, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты тың ойларымен бөлісті.

ВИТАЛИЙ НЕСИС, «ПОЛИМЕТАЛЛ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Жиын барысында ұсынылған он сегіз баяндаманың төртеуі цифрлық технологияларға байланысты. Бұл тұста жастардың идеялары аса маңызды. Өйткені олар әрдайым цифрлық технологияларды белсенді қолданады, замануи техниканың тілін жақсы біледі.

Үздік жобалар кәсіпорында енгізілетін болады. Кейін олар іс жүзінде сынақтан өтпек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер