Қазақстанда әуе тасымалының көлемі артты. Ел аумағында ұшақтардың ұшу көрсеткіші 9 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға ұлғайған. Барлығы қаңтар-қыркүйек айларында ұшақтар 183 мың мәрте әуеге көтеріліпті. Бұл жайында Астанада өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аймақтық бюросының отырысында сөз болды. Жиында азаматтық ұшулардың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа әуе жолдарын құру мәселесі де талқыланды. Қазіргі таңда ел аумағында ұзындығы 84 мың шақырымнан астам 92 әуе жолы бар. Көршілес мемлекеттер шекарасында 73 әуе дәлізі өтеді.

ФААТ БОГДАШКИН, «ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Әуе кеңістігі арқылы транзиттік сапардың өсімі 5,2% жетті. Оған елордада ЕХРО-2017 көрмесінің өтуі ықпал жасаған. Астанада халықаралық қаржы орталығының құрылуына байланысты бұл көрсеткіш әлі де арта түседі деген болжам бар. Шетелдік әуе компанияларының Қазақстан аумағынан өтетін әуе транзиттік тасымалының 80% Еуропаны Оңтүстік-Шығыс Азиямен, Оңтүстік Азияны Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстырады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер