Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулық көпке үлгі. Әсіресе, мигранттар мәселесі басты тақырыпқа айналған елдер үшін маңызды. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі Еуропа елдеріне ұсынылмақ. Конрад Аден-Ауэр атындағы қордың өкілдері осындай бастама көтерді. Неміс сарапшыларының айтуынша, «Еуропа қазіргі таңда көші-қон мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Жүздеген ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинаған Қазақ елінен үйренеріміз бар»,-дейді.

ТОМАС ХЕЛЬМ, КОНРАД АДЕНАУЭР АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫӉ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - ҚХА тәжірибесі көпке үлгі. Мұнда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өзара қарым-қатынас орнатқан. Қандай да бір мәселе туындай қалса, тез арада шешуге мүмкіндік береді. Ал, Германияда Ассамблея жоқ. Әрине, біздің елімізде этникалық топтардың мәселесімен айналысатын топтар бар. Бірақ, олардың ауқымы кішкентай. Ал, Еуропаны, соның ішінде Германияны миграциялық дағдарыс жайлаған кезеңде Қазақстанмен тәжірибе алмасу аса маңызды болып отыр.

Ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесіне Польша да қызығушылық танытып отыр. Осы мақсатта Астанаға арнайы делегация келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбаймен кездесті. Айта кетейік, елімізде 34 мыңнан астам поляк ұлтының өкілі тұрады. Ал, олардың алғашқы бірлестіктері алғаш рет 1989 жылы Көкшетауда құрылған.

СЕБАСТЬЯН ХВАЛЕК, ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

 - Біз Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты нығайта түсуге мүдделіміз. Әсіресе, экономика, қауіпсіздік және білім саласындағы байланысты бекемдей түсу жоспарымызда бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер