Дүниежүзілік банк үшін Қазақстан – стратегиялық әріптес. Бұл туралы Вашингтонда «Бір белдеу – бір жол» ғаламдық бастамасына арналған форумнан кейін қаржы ұйымының еліміздегі тұрақты өкілі Ато Браун мәлім етті. Әлемдік экономиканың өзекті мәселелері талқыға түсетін жыл сайынғы басқосуға Астанадан ауқымды делегацияның келіп қатысуы үлкен маңызға ие, дейді ол.   

АТО БРАУН, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан – Дүниежүзілік банктың Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі. Банк еліңізде  құны 4 миллиард долларға бағаланған жобаларды қаржыландырды. Дүниежүзілік банк Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласына қатысты жобаларды жүзеге асырып жатыр. Білім берудегі жаңғыртулар, медициналық сақтандыру және салық реформалары секілді бағыттарға да қолдау білдіреміз. Біз Қазақстанның өркениет көшіне ілесіп, дамыған елдердің қатарына қосылуға деген ұмтылысын жақсы білеміз. Дүниежүзілік банк, сондай-ақ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен халықаралық қаржы корпорациясы, инвестицияларға кепілдік беру агенттігі Қазақстан үкіметін жан-жақты қолдауға әзір екенін айтып өтейін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер