Байқоңырда экологиялық зияны жоқ жаңа кешен салынбақ. Мұндай жоспармен мамандар ғарыш саласының мәселелеріне арналған халықаралық форумда бөлісті. «Бәйтерек» Зымырандық-ғарыштық кешені Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы болмақ.

СЕРГЕЙ САВЕЛЬЕВ, «РОСКОСМОС» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «Бәйтерек» кешені «Союз-5»  зымыран тасығышы негізінде құрылады. Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша екі елдің үкіметаралық келісімі аяқталуда. Осы жылдың қараша айына дейін «Бәйтерек» кешенін құру бойынша нобайлық жоба әзірленеді. Ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресейдің ең ірі бірлескен жобасы екі ел әріптестігінің дәрежесі жоғары екендігін дәлелдейді.

Қазіргі таңда Байқоңырдағы экологиялық қауіпсіздік мәселесі екі кезеңмен шешілуде. Біріншісі аяқталған.  «Протон» зымыраны ұшқанда жерге зиянды қалдықтар түспейтіндей қылып, модернизацияланып отыр.

МЕЙІРБЕК МОЛДАБЕКОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Бірақ, әрине, апат болған жағдайда экологияға зиян келтіретін әлі қауіп бар. Ал негізгі біздің мақсатымыз сол Протоннан толық бас тартып, жаңа экологиялық зияны жоқ кешен соғу. Кешендегі зымыранды ресейлік жақ жасаса, жердегі нысандардың бәрін біз жасаймыз.

Жиынға 18-ден астам елдің мамандары қатысты. Ғарыш саласында барлық бағытты бірдей дамыту қиын,-дейді олар. Сондықтан әр ел өзі үшін басым бағыттарды анықтап, өзге елдермен байланыс орнатуға ден қоюда. Қазақстандық бағыт -  экономикалық тиімді жобаларды жүзеге асыру. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер