Қазан айының соңында Астанада Сирия мәселесі жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу өтеді. Оған кепілгер елдердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ, келіссөздердің 7-ші раундына Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері де қатысады деп жоспарлануда. Келіссөз барысында тараптар бірқатар ортақ мәмілеге келеді деп күтілуде. Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды жемісті өткен болатын. Онда тараптар Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыруға уағдаласқан.

Сарапшылар Астана процесіне жоғары баға беріп отыр. Әсіресе, Шам елінің Идлиб провинциясында бітімгерлік аймағын құру туралы шешім өте маңызды саналады.

ВЛАДИМИР ЕВСЕЕВ, ӘСКЕРИ САРАПШЫ:

 - Егер де Женева және Астана форматының тиімділігін салыстырсақ, әрине соңғысы нәтижелі. Өйткені Астанада нақты мәселелер шешілді. Шындығында олардың көпшілігі әскери жағдаймен тығыз байланысты. Дей тұрғанмен, мұндай мәселелерді аттап, саяси жағдайды реттеуге кірісу мүмкін емес. Қазақстан сириялық жағдайды реттеуде маңызды рөл атқарып келеді. Айта кеткен жөн, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей және толық қолдауымен басталған Астана процесі Женева келіссөздерінің табысты болуына оң ықпалын тигізіп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер