Логистиканы жетілдіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында оны бәсекеге қабілеттіліктің маңызды артықшылығына айналдыру. «Kazakh Invest» Астанада отандық экспорттаушыларға арнап семинар ұйымдастырды. Қазақстандық компаниялардың өкілдері халықаралық логистика, сыртқы сауда келісімшарттары және жабдықтаушыны таңдау аспектілері туралы мәлімет алды. Кедендік реттеу мәселелері де назардан тыс қалмады. Бұл ретте Еуроодақ, Ресей және Жапония елдерінің озық тәжірибесі қаралды. Атап өтерлігі, мұндай тренингтер отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде Астана және Алматы қалаларында жыл сайын ұйымдастырылады. Осы жолы елордада агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, химия, фармацевтикалық өнеркәсіп және т.б. салаларда жұмыс істейтін 50-ге тарта компанияның өкілдері жиналды.  

ДИНАРА ӨМІРЗАҚОВА, ДӘРІСКЕР:

 - Мен компанияларға логистика жүйесін дұрыс құру жолдары туралы, ол жүйенің тиімділігін қалай бағалау керектігі жайында айтып беремін. Бұл тауар өндіруден бастап ол тұтынушыға жеткенге дейінгі материалдық ағындарды дұрыс ұйымдастырып, оларды басқаруға мүмкіндік береді. Осыны назардан тыс қалдырмайтын компаниялар шығындарын 20-30% дейін қысқартады.

Қатысушылар бір апта бойы Қытайға экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру, халықаралық маркетинг, қаржыны басқару және мақсатты нарықтарды таңдау тақырыптары бойынша дәрістер тыңдайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер