Отандық арналар интернетті тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін меңгеруде.  Осылайша, контентті дамыту көзделуде. Астанада телевизияда ақпараттық технологияларды қолдануға арналған форум өтті. Бұл саладағы тәжірибелерімен Ұлыбритания мен Украинадан келген мамандар бөлісті. Олар интернет-аудиторияның санын ұлғайту үшін ақпараттық материалды жасаудың тиімді модельдері жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, жаңалықтарды берудегі жаңа платформалардың мүмкіндіктері мен көрермендерді жоғалтпаудың тәсілдері түсіндірілді. 

КАТЕРИНА КОБЕРНИК, «1+1» АРНАСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /УКРАИНА/:

 - Украинада телевизия ақырындап өз аудиториясын жоғалтуда. Ал интернет болса, керісінше, ұлғайтып жатыр.  Әлем бойынша интернет аудиторияның дені – жастар. Телеарналар үшін олардың қызығушылығын ескеру маңызды. Сондықтан интернет аудиторияны түсіне білу керек. Адамдар интернетте аз уақыт жұмсағанды ұнатады. Яғни жаңалықтар қысқа болуы керек, ал видеолардың 1 минуттан аспағаны жөн.

Форумға 30-дан астам аймақтық арналардың өкілдері қатысты. Олар шетелдік әріптестері берген кеңестерді өз арналарында жүзеге асыруға ниетті.

БАЗАРБАЙ ӘЛЕУХАНҰЛЫ, «ДИДАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /ЖЕЗҚАЗҒАН/:

 - Техникалық құжаттар алдық. Біздің арнаның техникалық құрамы осымен айналысып жатыр. Жан-жаққа интернетке шығып жатырмыз. Құрал-жабдықтарымызды жаңғырту мәселесін бірінші орынға қойып отырмыз. Осыған байланысты жұмыстар жүреді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер